Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Білім саласында өзгеріс көп

794 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова саладағы биылғы жаңалықтар мен өзгерістерді баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

Білім саласында өзгеріс көп

Біріншісі, әкімдіктердің білім беру саласындағы функциялары облыстық деңгейге беріледі. Бұрын жергілікті жердегі аудан әкімдері бөлім басшыларын та­ға­йындап келсе, енді оны бас­қарма іске асырады. Екіншісі, қаңтар айынан бастап, саланы қаржыландыру облыстық деңгейге өтуде. Барлық білім беру ұйымдары басқарманың вертикалды басқару жүйесіне көшеді, яғни, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім беру басқармаларына беріледі.

Өткен жылы білім басқар­масының бюджеті 59 млрд теңге болса, вертикалды басқару жүйесі арқылы биылғы қаржы 173,3 млрд теңгені құрады.

Жиында осы жылдың ал­ғашқы ҰБТ сынағы туралы да айтылды. Биылғы талапкерлердің басым бөлігі өткен айда тесті­леуге қатысқан. Айта кету керек, қаңтар айындағы тест нәтижесі тек ақылы түрде бі­лім алуға жарамды. Облыс бо­йынша бұл сынақты 7002 бітірушінің 5832-сі тапсырды. Осы жолы 100 бал­дан асырған бітірушілер саны – 409 болса, 815 бітіруші шекті балды жинай алмаған.

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу электронды форматқа ауыстыру жоспарланып отыр. Түлектер мемлекеттік грант алу үшін наурыз-маусым аралығында ұлттық тест тапсырады.