«Былтыр мемлекеттік бюджет кірісі бойынша жоспар 2,7, республикалық бюджет 0,3 және жергілікті бюджет 8,1%-ға артық орындалды. Пандемияға қарамастан, мемлекеттік бюджеттің кірісі іс жүзінде 2019 жылғы деңгейде қалды деп айтуға болады», деді ол.
Министрдің мәлімдеуінше, корпоративтік табыс салығы – 3,5, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары бойынша қосылған құн салығы – 1,8, еңбекақы төлеу қорының салығы – 5,3%-ға ұлғайды.
«Негізгі кедендік төлемдер бойынша түсім төмендеді. Бұл сыртқы және ішкі экономикалық ахуалға тікелей байланысты болды», деді Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, мұнай және металл бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өнеркәсібіндегі түсімдер 43 және ғылым мен техникалық сектордың түсімі 29%-ға төмендеді.