Күн тәртібі «Ағымдағы жағдай туралы» баяндамасымен Нұр-Сұлтан қаласы және қала аумағында көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындық бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Байыров Е. А сөз сөйледі.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне аудан әкімдіктерімен бірлесіп 29 су тасқыны қаупі бар учаске анықталды: Алматы ауданы бойынша – 7 учаске, Байқоңыр ауданы бойынша – 8 учаске, Есіл ауданы бойынша – 9 учаске, Сарыарқа ауданы бойынша – 5 учаске.
Азаматтық қорғау органдарының тобы, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметі тұрақты дайындыққа келтірілді. Жергілікті ауқымдағы ТЖ жоюға арналған іс-қимыл жоспары және 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының аумағында су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Жоспарланған іс-шара шеңберінде «Көктем 2021» РКШО аумақтық мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің дайындығына тексеру жүргізіледі.
Күн тәртібінде «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында көктемгі тасқын суларды өткізудің ағымдағы жай-күйі және оған дайындық туралы» қарастырылды.
Сұрақты қарастыру кезінде қала аумағынан тасқын суларды қауіпсіз өткізу, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс режимі, қорғаныс бөгеттерін ұстау және су басу қаупі бар учаскелерде тасқынға қарсы шаралар өткізуге ерекше назар аударылды.
Күн тәртібін қарау нәтижелері бойынша қала қызметтеріне төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған нақты тапсырмалар берілді.