Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге төтенше жағдайлар департаменттерінің, жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 12 ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Қазіргі уақытта ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, көрінудің нашарлауы, көктайғақ) еліміздің 5 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесі жабылды. Халықты эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 108 жылыту пункті дайындалды.
Автомашиналар кептелісі болған жерде ТЖД уақытша жылыту пункттерін қойды (3 бірлік Кунг автокөлігі). 7 ақпаннан бастап ТЖМ ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб жұмыс істеуде. Оның құрамына «Қазавтожол» ҰК АҚ және «Қазақавтодор» ЖШС де кірді. Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында да осындай штабтар жұмыс істеуде.
Шұғыл жұмыстарға барлығы ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардан 372 адам мен 171 бірлік техника жұмылдырылды. Халыққа ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 16-СМС хабарлама таратылды, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 19 хабарлама жіберілді.
Республикалық жедел штаб пен өңірлерде (Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында) халыққа уақтылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін «Жедел байланыс желісі» ашылды. ТЖМ:717 2 53 32 84, Ақмола облысы ТЖД: 8 716 2 55 14 84, Қарағанды облысы ТЖД: 8 721 2 51 72 23, Павлодар облысы ТЖД: 8 718 2 20 11 12.