Тексеру барысында жастардың бәрінің кәмелет жасына толмағандығы белгілі болды. Өткен жазда дәл осы қылығы үшін олар инспекторлардың көзіне түсіп үлгерген. Осы жолы да ата-аналары шақыртылып, Әкімшілік кодекстің 442-бабы бойынша хаттама толтырылып, жасөспірімнің анасымен профилактикалық сипаттағы әңгімелесу жүргізілді.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, жыл басынан ювеналдық полицейлер облыс бойынша 60-тан астам рейдтік іс-шаралар өткізген. Қаңтар айында полицияға кәмелетке толмаған 319 жасөспірім жеткізіліпті. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жүргені үшін 210 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды. Түрлі құқық бұзушылықтар үшін өңір аумағында 8 жасөспірім есепке қойылыпты. Бүгінгі таңда полицияның есебінде 190 жасөспірім тұр екен. Олардың әрқайсысымен полицейлер мен ұстаздар жекелей жұмыстар жүргізеді.
ПЕТРОПАВЛ