Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Оралда иісшіл ит есірткі сатқан адамды ұстады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскери жасағы «Рэмми» атты қызметтік иттің көмегімен есірткі сатумен айналысқан адамды ұстап алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда иісшіл ит есірткі сатқан адамды ұстады

Есірткі орамы Оралдағы түзету мекемесінің маңынан табылған. Күн батып, қараңғы түскен уақытта түрме маңында кезекшілікте жүрген әскери жасақ Широкая көшесінде күдікті ер адамды байқап қалады. Әлгі адам полиция формасын киген сақшыларды көргенде белгісіз затты лақтырып жіберген. Жасақ бастығы Бақытжан Айтжан, жасақшылар Әлмұхамед Қабатаев пен кинолог-ефрейтор Құндызбек Қапаев күдіктіні ұзатпады. Ал «Рэмми» атты қызметтік ит сол маңды тіміскілей жөнеліп, ішінде есірткі заты бар қағаз орамасын тапты.

Табылған есірткі орамы мен оның иесі – 39 жасар азамат әр қарай тергеу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

«Қызметті өткеру кезінде көрсеткен қырағылығы мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін әскери жасақ 5517 әскери бөлімі командирінің атынан марапатталды», дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз  қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтанов.

Айта кету керек, «Рэмми» Ұлттық ұланда бес жылдан бері қызмет етіп келеді екен. Ұлттық ұлан жауынгерлері «Рэммидің» көмегімен былтыр есірткі сатудың бес фактісін анықтаған.

 

Батыс Қазақстан