Қазақстан • 09 Ақпан, 2021

Қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттары тексеріледі

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы жылдан бастап қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттары тексерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттары тексеріледі

«Капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойылды», деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол биылдан бастап біздің азаматтарымыздың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоты бойынша ақпарат алмасу басталатынын еске салды.