Руханият • 09 Ақпан, 2021

Мәулен Әшімбаев: Мұқағали шығармаларын дәріптеудің қашанда маңызы зор

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай пікірді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Instagram әлеуметтік желісінде білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Мұқағали шығармаларын дәріптеудің қашанда маңызы зор

«Бүгін қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр. Бұл – әдебиетіміз үшін ғана емес, тұтас руханиятымыз үшін атаулы дата. Себебі, Мұқағали – ұлттық болмысымызды өлеңмен өрген біртуар талант иесі.

Ақынның шығармаларында қазақы бояудың қалың екенін аңғару қиын емес. Шын мәнінде, өлеңдерінен ұлттық рухтың лебі еркін сезіледі. Сол себепті де Мұқағалидің жырлары әр оқырманның жүрегіне жол таба білді.

«Мен – таулықпын!» деп, Хан Тәңірінен шабыт алған ақынның өлеңдері де қазіргі таңда қазақ поэзиясының асқар шыңына айналғаны анық. Сондықтан халқын, тілін, Отанын үш бақытына теңеген Мұқағалидің шығармаларын дәріптеудің қашанда маңызы зор. Бұл, әсіресе, бүгінгі буын мен келер ұрпақтың абыройлы міндеті болуға тиіс», – делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35