Желтоқсан. Далада қақаған аяз. От жағылмаған үйдің іші де тым салқын. Бөлменің бір бұрышында көрпеге оранып, қатты тоңған Әділет отыр. Жанында электрлі жылытқыш пеші, бөлмені жылытуға қауқары жетер емес.
Бұл үйде төрт айдан бері тіршіліктің оты сөнгендей. Әділеттің анасы айықпас дерттен көз жұмған болатын.

Жарының қазасына шыдай алмаған Ерсін ішімдікке салынып кеткен-ді. Ол әдеттегідей шөлмегін құшақтап, есіктен кіріп келеді. Аяқ жүрісінің дыбысын естіген Әділет: «Әкем таңдайға басар заттар әкелген болар», – деген үмітпен, есікке қарады. Алайда, әкесінің қолында шөлмектен басқа ешнәрсе де жоқ болатын.
– Әкешім, қарным ашты.
– Балам, сәл шыда. Әкең қазір мына жылытқыш пешті апарып сатады. Оның ақшасына үйге нан сатып әкеледі, – деп пешті қолтықтап, теңселіп үйден шығып кетті. Әділет әкесін үмітпен ұзақ күтті. Алайда, оның шөлмектес достары кезігіп, сатқан ақшаға нан емес, арақ алып қарық болып жатты.
Ертеңіне мастығы тарқағасын, қалған ақшаға азын аулақ нан алып, үйге келді. Үй іші тым-тырыс.
– Балам, әкең нан әкелді. Оян қарағым! Ол баласын оянар деп күтті... Бәрі кеш болатын. Ұлының жүзіне назар аударғанында аштықтан аққан көз жасының мұз болып қатып қалғанын көрді.
Қожахмет Кеңесбеков.