Медицина • 09 Ақпан, 2021

101 жастағы кеуананың жүрегіне ота жасалды

378 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында ғасыр жасаған әжейдің жүрегіне имплантация қойылды. Ақ халаттылар қаланың кардиология орталығында бұрын-соңды мұндай тәжірибе болмағанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz

101 жастағы кеуананың жүрегіне ота жасалды

Жүрек қағысы 60-қа дейін түскен қарт әжейдің беті бері қарап келеді. Дәрігерлер соңғы жылдары жүрегінде ақауы бар жандар көбейіп жатқанын алға тартады.

Кеуана Варвара Толоконникова 4 күн бұрын ғана ауыр операциядан шықты. Жүрек қағысы 60-қа дейін төмендеген ол ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Өмірі қыл үстінде жатқан оған шұғыл түрде операция жасалыпты. Бүгінде электрокардиостимулятор имплантациясымен жүрегі жиі соға бастаған.

Осы орайда Варвара Толоконникова: «Өзімді өте нашар сезіндім. Тәбетім құрып, ас батпай қалды. Әне-міне өлем бе деп жаттым. Ал отадан кейін бәрі өзгерді. Тәбетім де ашылып, тамақ та ішіп алдым», деп айтып өтті.

Дәрігерлер Шымкент қаласында соңғы жылдары жүрек қағысына шағымданатындар көбейген. Сондықтан да электрокардиостимулятор имплантациясына байланғандар қарасы азаймай тұр. Осылай деген ақ халаттылар жүрек қағысын реттейін қондырғының бұрын-соңды 100 жасаған тұрғынға қойылмағанын айтады.

Шымкент қалалық кардиологиялық орталықтың дәрігері Азат Тұрсынбеков: «101 жастағы науқасқа электрокардиостимулятор имплантациясын бірінші рет жасап жатырмыз біздің тәжірибеде. 95-96 жасар апалар-аталарға жасағанбыз. Айта кетерлік жағдай, науқастардың жасы ұлғайған сайын олардың тіндері де өте нәзік болып келеді. Сондықтан өте нәзік жұмыс істеуіміз керек», деп толықтырды.

Отадан жуырда ғана шыққан қарт әжей күні ертең өз үйіне қайтады. Ал оған қондырылған аппарат 10 жылға дейін қызмет атқарады.