24 Желтоқсан, 2013

Бала саудалауға болмайды

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

(«Ұрпақтан артық қандай байлық бар?», «ЕҚ», 6 желтоқсан, 2013 жыл)

Бас басылымда осыдан екі апта бұрын жариялаған «Ұрпақтан артық қандай байлық бар?» атты мақаланың авторы Сүлеймен Мәметке шын жүрегімнен көптен көп рахмет айтамын. Аса маңызды мәселе мақалада мұқият, жан-жақты, терең зерттелген. Мен бұрын да америкалықтарға  асырап алуға бала берген біздің елдің тұл жетім сәбилерінің ол жақта қорлық көріп, мазаққа ұшырап жүргені туралы бір газеттен оқып, қатты ренжіп: «Бұл мәселені көтеру керек, Үкіметтің алдына қою керек!» – деп сіздерге жазбақ болып жүр едім.

* Жазылған жайдың жаңғырығы

Сіздер мұны аяғына жеткізді­ңіздер. Америкалықтарға асырауға берілген он мыңға жуық қазақстандық балалардың кейбіреулерінің ол жақта қорлық жағдайларда  жүргеніне біз осылай шыдай береміз бе? «Қазақстанның халқын қайтсек көбейтеміз?» деп жүргенде асыраушысы жоқ тұл жетім балаларымызды шетелдерге беруді үзілді-кесілді тоқтату керек. Ондай тұл жетімдерді асырап алып, өсіруге, тәрбиелеуге тек өз Отанымыздың азаматтарына ғана рұқсат етілетін болсын! Онда да ол жетімдерді алғандар қалай тәрбиелеп жүргені қадағалауда болуы керек. Бала саудалаушылар қатаң жазалансын!

Тұл жетім балаларды асырап, өсіремін, бала қылып аламын деушілер өз отандастарымыздың арасынан табылмаған жағдайда, ондай тағдыр тәлкегіне түскен ұл-қыздар мемлекеттік балалар үйлерінде тәрбиеленсін. Ол мекемелердің де жұмысы мемлекет, қоғам тарапынан қатаң қадағалауда болуы керек.

«Егемен Қазақстанға», бәріңізге үлкен табыс тілеймін.

Оңалбек ӘШІРБАЙҰЛЫ,

еңбек ардагері,

Шардара ауданының құрметті азаматы.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар