24 Желтоқсан, 2013

Тапсырыс көп, тапшылық жоқ

516 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өз ісіңді ашу қиын емес екен

Меркі ауданында Маделі Қадырқұлов есімді досым бар. Оның үй тұрмысына қажетті терезе шығаратын мекемесі бар. Жұмыс жасап жатқанына шамамен 7-8 жыл болып қалды. Бірде мен де үйімнің ауласында отырып, терең ойға батып кеттім. Ойыма «өзіміздің Шу ауданынан осындай орын ашсам қалай болады екен?» – деген идея келді. Есептеп көрсем, оны ашу үшін кемінде 1,5 млн. теңге қажет. Бірақ, мұнша ақшаны кайдан аламын?

Өз ісіңді ашу қиын емес екен

Меркі ауданында Маделі Қадырқұлов есімді досым бар. Оның үй тұрмысына қажетті терезе шығаратын мекемесі бар. Жұмыс жасап жатқанына шамамен 7-8 жыл болып қалды. Бірде мен де үйімнің ауласында отырып, терең ойға батып кеттім. Ойыма «өзіміздің Шу ауданынан осындай орын ашсам қалай болады екен?» – деген идея келді. Есептеп көрсем, оны ашу үшін кемінде 1,5 млн. теңге қажет. Бірақ, мұнша ақшаны кайдан аламын?

Ел аузынан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Үкіметтен 7 пайызбен несие берілетінін көп еститінмін. Бірақ, күмәнданушы едім. Сонда да, үмітімді үзбей сұрастыра жүріп, бар қажетті кұжаттарды жинастырып, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту бөліміне бардым. Мені онда жылы шыраймен қарсы алды. Жауапты қызметкерлерге келген себебімді түсіндіріп айттым. Олар дайын­далған құжаттарды қарап шығып, 2-3 күннің ішінде қажетті соманы алуыма болатындығын жеткізді. Мұны естігеннен кейін қатты қуанып қалдым.

Арада ол күндер де өте шықты. Аталмыш бағдарлама нәтижесінде 2 млн. теңге көлеміндегі қара­жатты қолыма алдым. Ең алдымен, жұмыс жасайтын орын іздестірдім. Оны тапқаннан кейін қажетті станоктарды жеткізіп алдым. Содан кейін, уақыт өткіз­бей жұмысымды бастап кеттім. Бұл жұмыстың бастамасына Меркідегі жолдасымның қол астында жұмыс жасайтын екі жігіт келіп қолұшын берді. Күннен-күнге жұмысым ал­ға басты. Аллаға мың да бір шү­кір, бүгінде тапсырыс көп, тапшылық жоқ.

2011 жылдың соңында бұл ісім оңға басып, тынымсыз жұ­мыс істедік. Ауданымыздың бі­раз тұрғындары тапсырыстар беріп, кейде үлгермей де қалатын күндер болатын. Дегенмен, тапсырысты уақтылы өткізу керек. Осыған орай, түнгі ұйқыны төрт бөліп, жұмыс істеген күндеріміз де болған. Сол жылдың кыс мезгілінде ауа райына байланыс­ты 1-2 ай жұмыс тоқтап тұрды. 2012 жылдың көктем айынан бастап, кызу жұмыс кайта бас­талды. Бұл кезде, тіпті алдын ала тапсырыстар беріліп қойған еді. Намысқа тырысып, оны да атқардық.

Бүгінгі таңда жұмыс қарқыны жақсы. Сұраныс күннен-күнге артып жатыр. Тіпті, Мойынқұм ауданынан да тапсырыстар келеді. Біз тапсырыстың 1 шаршы метрін 12 500 теңгеге жасаймыз. Оның ішіне көзделген орынға жеткізіп беру, орнату және басқа да қызмет­тер кіреді.

Жалпы, бағдарлама жайында айтар болсам, ол өте тиімді. Белгілі бір кәсіппен айналысамын деушілерге көптеген жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жасалған. Берілетін несиенің пайызы да қолайлы. Сондай-ақ, бастаған істі аяқтандырып, жұмыстың көзін тапқанша бір жарым жыл несиені төлемеуге болады. Бұл уақытта біраз жұмысқа үлгеруге болады. Өзімдей қарапайым азаматтарға айтарым, бастар істен қорықпай, алға мақсат қойып, жұмыс атқарыңыздар. Еліміздің, ауданымыздың көркеюіне, дамуына, өсуіне өз үлесімізді қосайық. Өйткені, бұл біздің балаларымыздың болашағы.

Жантелі ОМАРОВ.

Жамбыл облысы,

Меркі ауданы.

Соңғы жаңалықтар