Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Алматының Алмалы ауданының әкімі 80 сұраққа жауап берді

311 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Алматыда аудан әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері өтуде. Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайыноы кезекті есеп беру кездесуінде ауданның 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жасап, алдағы жылғы жоспарлар туралы баяндады. Үш сағаттық эфир барысында аудан әкімі қала тұрғындарының 80 сұрағына жауап берді.

Алматының Алмалы ауданының әкімі 80 сұраққа жауап берді

Халықты жұмыспен қамту және және ШОБ қолдау мәселелері бойынша Президент Жолдауын жүзеге асыруға сәйкес 2020 жылы Алмалы ауданында «Almaly» халыққа қызмет көрсету орталығын ашу бастамасы көтерілген болатын. «Бір терезе» форматында «Qoldau» кәсіпкерлік орталығының өкілдері, «Атамекен» ҰКП, «Almaty Finance» өкілдері, азаматтарға арналған үкімет (ХҚКО) және «Отбасы банкі» қызмет етуде. 

«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының аясында 8,9 млрд.теңгеге 89 жоба қаржжыландырылды. Қайтарымсыз негізде 64,3 млн. тг астам сомаға мемлекеттік гранттарды 26 компания алды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 146,4 млн теңге сомасына 10 жоба қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында  бағдарламасының аясында 53,7 млрд.теңге сомасына 15 кәсіпорын қаржыландырылды. 

Қалалық бағдарламалар аясында:

«Аlmaty Business» бойынша 209 млн теңге сомасына 5 жоба қаржыландырылды;

«Almaty Finance» бойынша 3 кәсіпорын 4,8 млрд теңге сомма алды;

«Almaty» микроқаржы ұйымы бойынша 3 кәсіпорын 105 млн теңге алды;

«Бизнес бастау» бойынша 500 адам оқудан өтті, оның ішінде 205-і жеке істерін ашуға гранттар алды. 

2020 жылы 11 099 жұмыс орны ашылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 жоба жүзеге асырылды. Жаңғырту Мақатаев, Махаббат скверлеріне, Гагарин бульварынағ Молдағұлова және Чайковский көшелеріне қатысты болды. Көшенің жарықтандырылуы жаңаланып, балалар және спорттық алаңдар, көшедегі тренажерлар мен воркаут аймақтар орнатылды. 

Бюджетке қатысу

«Бюджетке қатысу» жобасының аясында 2020 жылы 15 жоба іске асырылды. Тұрғындармен бірлескен жұмыс есебінен «Батыс Ганди» шағын бағы модернизацияланды, Жамбыл-Розыбакиев көшелерінің қиылысында жаңа орындар, Жамбыл-Қожамқұловта скейт парк құрылды. 

Биылғы жылы жоба аясында аудан бойынша тұрғындар арасында әлдеқайда көп дауыс жинаған 69 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Абаттандыру

Қолайлы қалалық ортаны дамыту аясында Жамбыл, Бөгенбай батыр, Тастақ ш.а Прокофьев жаяу жүргіншілер көшелері модернизацияланды. Өткен жылы ауданның жалпы ұзындығы 14,8 км болатын 19 көшесінің бойындағы төсемдері жағартылды. «Vision Zero Almaty» бағдарламасы бойынша 7 көше жаңғыртылды. Сонымен қатар, 8 км тротуар желісі жасалды. Аудан бойынша бағдаршамды өту жолдарымен 8 учаске жасалды, сонымен бірге, балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін орта білім беру нысандарының бәрінің бойымен жаяу жүргіншілер өткелі жасалды. 

Аудан аумағынжа 861 аула аумағы бар. 2016-2020 жылдар аралығында 698 аула жөнделді. 2020 жылы 160 аула ішіндегі аумақ жаңғыртылды. Қамтылмаған 66 аула ағымдағы жылы жөнделеді.

Абаттандыру аясында биыл Алмалы ауданында​ мыналар​ жоспарланған:

- 66 ішкі аула кеңістігін күрделі жөндеу;

- 105 лифт жабдықтарын ауыстыра отырып, 59 көппәтерлі тұрғын үй сегментін жаңарту («Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша);

- аудандағы 67,8 шақырым инженерлік желілерді​ реконструкциядан өткізу;

- жеке сектордың 6 көшесінің бойына орталықтандырылған канализация жүйесін салу;

- жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын 12 көше бойында жолды жаңарту;

- Райымбек - Розыбакиев көшелерінің​ қиылысындағы көлік жолайрығын жөндеу;

- 6 шақырымнан асатын тротуар желісін салу;

- 33,9 км​ арық желілерін қайта жөндеуден өткізу;

- Бағдаршамы бар 4 қиылысты жасау және реттелетін бағдаршам орнатылған​ 9 жаяу жүргінші өткелін жаңарту;

- опера және балет театры жанындағы алаңды абаттандыруды аяқтау;

- 2 скверді​ абаттандыру.

Жарықтандыру

Ауданда 15 296 көше шамдары бар, өткен жылы энергия үнемдейтін 1979 лэд-шамдар қосылып, 4 жарықтандырылмаған учаске мен 6 көшенің модернизациялануын қамтыды. 

Желтоқсан, Наурызбай батыр және Розыбакиев көшелерінің бойындағы ескі көше жарығы энергия үнемдейтін лэд-шамдарға ауыстырылады. 84 жарықтандырылмаған учаске бойымен көше жарығы орнатылады. 

Көгалдандыру

Алмалы ауданында 220 мыңнан астам ағаш бар. "Jasyl Almaty" қаланы көгалдандыру бағдарламасы аясында 2020 жылы 4 758 ағаш отырғызылды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес 2022 жылға дейін миллион ағаш отырғызу бойынша үш жылдық жоспарды іске асыру аясында ауданда 5 мыңнан астам ағаш отырғызылады.

Білім беру саласы

Ауданда орта білім беруді жалпы саны 35 мыңнан астам оқушысы бар 41 ұйым қамтамасыз етеді. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша №144 мектепке 300 орындық және 34 гимназияға 600 орындық қосымша құрылыс салу жұмыстары басталды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде №128 және 95 мектептердің аумақтарында спорт кешендерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. №54 мектеп-лицейі сейсмикалық нығайтылуда. Алмалы ауданында 27 мемлекеттік балабақша бар. 2020 жылы №22 бөбекжай-балабақша ғимаратын күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту және №10, 12, 20, 21, 43 және 139 балабақшалардағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Бүгінде №16 балабақшаның сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары жүргізілуде.

Биыл 6 мектеп пен балабақшада жөндеу жұмыстары аяқталады.
№ 15 мектеп пен №7 балабақшаны жөндеу жоспарлануда.
Сонымен қатар, аудан жастары үшін аула клубтары, кітапханалар мен спорт алаңдарын салу жоспарлануда.

Аудан аумағында өткен жылы "Asyl mura"домбыра орталығы-бос уақытты өткізу жобасы жүзеге асырылды. Бұл бағыт сондай-ақ ауданның 27 мектебінде мектеп жанындағы үйірмелер форматында енгізілді. Өткен жылы сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды аға буын өкілдеріне оқыту бойынша "Шыңға өрлеу" әлеуметтік жобасы іске асырылды. Алмалы ауданының меценаттарының арқасында 2020 жылы "Жібек жолы" бизнес орталығы алаңында әлеуметтік "тігін цехы" ашылды.

Ауданда 18 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын орналасқан, 30 979 кәсіпорын тіркелген, 19 266 жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар.
Ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары 171,1 млрд теңге (105,2%) сомасына өнім өндірді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 117 млрд теңгені құрады, өсу қарқыны 13,7%.