Саясат • 10 Ақпан, 2021

Алаяқтықтың алдын алу акциясы

690 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында онлайн-брифинг өткізді.

Алаяқтықтың алдын алу акциясы

Тікелей эфир Facebook және Instagram желілерінің ведом­стволық парақшаларында көрсе­тілді. Полицейлер интернет-алаяқ­тықтың түрлерін, жасалу жол­дарын, олардың кеңінен пай­дала­нылатын айла-амалдарын әшкерелеп, халыққа алаяқтардың құрығына түсіп қалмас үшін не істеу керектігін түсіндірді. Со­ны­мен қатар қатысушылардың сұ­рақтарына жауап берді.

Жыл басынан бері өңіріміздегі барлық алаяқтық қылмыстардың саны 70-ке жетсе, соның ішіндегі 60-ы интернет-алаяқтық болыпты. Біздің: «Полиция цифрлы технологияларды қолданып, азаматтарымызды алдау үшін ашылып жатқан бір күндік сайттарды неге алдын ала әшкерелемейді. Сол үшін полицияның ішінен неге арнайы қызмет ашпасқа?» деген сұрағымызға брифингте «жедел уәкілдердің цифрлы технология­ларды қолданып, қашықтықтан жасалатын алаяқтықты ашуына ұзақ уақыт пен көп күш-жігер жұмсау қажет. Дегенмен, интернет-аферистерді іздеу, алаяқ­тықтың алдын алу жұмысы ауқымд­ы түрде жүргізіле береді» деген жауап берілді.

Қазір Петропавл қаласы поли­ция басқармасының қыз­мет­керлері қылмыстың бұл түрі­нің алдын алу бойынша кең ауқымды операцияны бас­тап кеткен. ПБ бастығының орынбасары, подполковник Ду­ман Сабыржановтың айтуына қа­рағанда, акцияға жүзден астам полицей тартылыпты. Олардың бәрі әкімшілік учаскелердегі аулалар мен кіреберістерді ара­лауда. Тәртіп сақшылары кіре­берістерге жадынамалар жапсырып және тұрғындарға буклеттер үлестіреді. Ал алаяқтыққа қар­сы тұруға ең осал топ – зейнет­керлермен түсін­дірме жұмыс­тарын жүргізуде. «Жадына­ма­лардың 10 мың данасы әзір­ленді, профилактикалық ак­ция­лар барысында облыс орта­лығының барлық шағын аудан­дарын қамту жоспарлануда. Сол­­­түстікқазақстандықтарды әлеу­­меттік желілерде және мес­сенд­­жерлер чаттарында интер­нет-алаяқтықтың алдын алу ту­ралы ұсынымдарымен бөлі­суге шақырамыз. Жас азаматтар криминалдың осы түрі ту­ралы егде тартқан туыстары мен көршілерін ескертуі қажет. Интернет-алаяқтармен байла­нысқан кезде шешім қабылдауға асық­пай, банкке тексеру үшін қоңырау соғу, қандай жағдай болсын, жеке мәліметтерді айт­пау не жолдамау маңызды екен­дігін  халықтың есіне салудамыз»,­ дей­ді Думан Сабыржанов.

Әрине, бұл шаралар алдан­ғанына жұрттың өзі кінәлі, жеке деректерін ешкімге айтпаулары керек еді деп қарап отыратын полицияның ескі тәсіліне қара­ғанда тиімдірек болуға тиіс.

 

ПЕТРОПАВЛ