Ел Конституциясының нормаларын орындау және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында және Елбасының «Әлеуметтік жаңғырту: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында қойылған міндеттер мен талаптарды жүзеге асыру тұрғысында мемлекет саясатының басты басымдығы адам капиталының дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының өсуі болып саналады. Осы мақсатта іске асырылатын әлеуметтік бағдарламалар – жұмыспен қамтуды сақтауға, табыс көлемін арттыруға, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында және Елбасының «Әлеуметтік жаңғырту: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында қойылған міндеттер мен талаптарды жүзеге асыру тұрғысында мемлекет саясатының басты басымдығы адам капиталының дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының өсуі болып саналады. Осы мақсатта іске асырылатын әлеуметтік бағдарламалар – жұмыспен қамтуды сақтауға, табыс көлемін арттыруға, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерін алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және оның аумағында табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам.
Заңда қолдануға болатын – өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам болып табылады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi – жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары, ал өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объектісі оның алатын табыстары болып табылады.
Әлеуметтiк аударымдардың мөлшері әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 5 %-ын құрайды.
Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының төменгі мөлшерінен (бұдан әрі – ЖТМ) кем болса, онда әлеуметтік аударымдардың мөлшері 1 ЖТМ анықталады.
Сонымен қатар, әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін ай сайынғы табыс 10 ЖТМ-ден аспайтын мөлшерде қабылданады.
«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №148-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТМ 19 966 теңгені құрайды.
Осыған байланысты 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымдардың төменгі мөлшері 998,3 теңге (5 %*1 ЖТМ = 5 %* 19 966 теңге), ал жоғарғы мөлшері – 9 983 теңге (5 % * 10 ЖТМ = 5 % * 199 660 теңге).
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдардың төменгі мөлшері 1 ЖТМ табыстан анықталады, ал жоғарғы мөлшері есепті кезең үшін әлеуметтік салық есептелген сомадан аспау қажет.
Уақытында аударылмаған әлеуметтік аударымдар сомасын салық органдары өндіріп алады немесе төлеуші есептелген өсімақысымен қоса аударады.

Төлеушілердің (жұмыс берушілер және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар) жалдамалы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды уақытында және толықтай төлеуі төмендегідей әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда Қордан төленетін тиісті әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етеді:
Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жағдайына әлеуметтік төлем тағайындағанда әлеуметтік аударымдар төленген соңғы 24 күнтізбелік айдағы қызметкердің ай сайынғы табысы ескеріледі. Жүктілігі, босануы және жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін әлеуметтік аударымдар төленген соңғы 12 күнтізбелік айдағы қызметкердің ай сайынғы табысы ескеріледі.
Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі болып табылады.
Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі – әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруды біріктіретін, өзін әлеуметтік қорғау үшін азаматтардың жеке жауапкершілігі мен жұмыс берушілердің және мемлекеттің ынтымақты жауапкершілігі қағидаттарына құрылған.
Қор қызметінің стратегиялық бағыттары міндетті әлеуметтік сақтандырудың тұрақтылығына жетудегі мемлекеттік мақсаттар үшін үйлестірілген шараларды жүргізуге және әлеуметтік сақтандырудың жалпыға белгілі әлемдік базалық қағидаттары мен әлеуметтік әділеттілікті ескере отырып, қолданылатын ресурстардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Гүлбағила БОЛАТБЕКОВА,
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Стратегиялық даму және
инвестициялық басқару департаментінің директоры.