Коронавирус • 10 Ақпан, 2021

365 адам екпе алды

184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс жаман тұмаудың жаппай таралуы бойынша әлі де «қызыл» аймақтың шеңберінен шыға алмай тұр. Өңірдегі науқастар саны 11 497 адамға жетті.

365 адам екпе алды

Облыстық тауарлар мен көр­се­ті­летін қызметтердің са­­пасы мен қауіпсіздігін ба­қы­лау депар­та­мен­ті­нің басшысы Айнагүл Мусинаның мәлімдеуінше, барлық нау­қас­тардың 10 пайызын балалар құрайды. Ал ересектер арасында жаман тұмау негізінен 60 жастан асқан адамдар арасында.

– Үстіміздегі айда COVID-19-дың лабораториялық рас­тал­ған 533 дерегі тіркелді. Оның 426-сы симп­­­томды, 107-сі симптомсыз түрі. Соңғы аптада коронавирустың 1 342 дерегі анықталды, – деген бас санитарлық дәрігер ко­ро­­­навирус инфекциясының та­ра­­луына қатысты статистика күн сайын өзгеріп жат­қа­нын, ви­­рустың таралуы са­ни­­тарлық-эпи­­демиялық та­­лаптардың сақ­талуына бай­ланыс­ты екеніне тоқталды. Мә­се­лен, соңғы тәулікте 168 адамда осы вирус анықталып, өсім 1,5 пайызды құраған.

Пандемия басталғалы облыста 548 оқушыға коронавирус диагнозы қойылған. Оның 205-і штаттық, 343-і қашықтан білім алып жатқан оқушылар. Оқу жылының үшінші тоқсаны басталғанда 296 оқушыда вирус анықталған. Індеттің оқушылар арасында да көптеп тіркелуіне байланысты бүгінгі таңда облыс бо­йынша 49 мектеп карантинге жабылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін балалар арасында да індетке шалдыққандар бар. Жаман тұмаудың жаман хабары естілгелі 99 бүлдіршін ауырған. Бұл орайда да облыс орталығы вирустың таралуы бойынша көш бастап тұр. Облысқа «Спутник V» екпесінің 1 300 дозасы әкелінді. Ақпанның 1-інде екпе егу науқаны басталды. Бүгінде медициналық ұйымдардың базасында 24 екпе егу пункті жұмыс істейді.

 

Ақмола облысы