«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында бүгінге дейін облыста 65,7 мың шаршы метрді құрайтын 594 баспана қолданысқа берілсе, жыл аяғына дейін 1252-ге дейін жеткізілмек.
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында бүгінге дейін облыста 65,7 мың шаршы метрді құрайтын 594 баспана қолданысқа берілсе, жыл аяғына дейін 1252-ге дейін жеткізілмек.
«Жас өркен», «Береке» секілді жаңа ықшамаудандар бой көтерді. Тәуелсіздік мерекесінде облыс әкімі Самат Ескендіров қоныстанушыларға 55 пәтерлі ипотекалық үйдің кілтін тапсырды. Ал, жас отбасылар үшін 75 пәтерлі тұрғын үйдің есігі айқара ашылды.
Осы күні «Алпамыс» балабақшасының ашылу салтанаты болды. Онда 4 топ құрылып, 64 бүлдіршін мемлекеттік тілде тәлім-тәрбие алады. «Қазпошта» АҚ жергілікті филиалының бөлімшелеріне 18 «УАЗ» автокөлігі тарту етілді.
Петропавл № 2 жылу электр орталығында «Қайта құру және жарақтандыру инвестициялық» бағдарламасы шеңберінде жаңа турбина іске қосылса, «Севказэнергосбыт» ЖШС жанынан қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.