Спорт • 10 Ақпан, 2021

Балуандар Тель-Авивте белдеседі

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-20 ақпанда Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан әлемдік Grand Slam тур­нирінің жалауы желбірейді. Бұл Олим­пиадалық рейтингке ұпай беретін бірден-бір әлемдік ірі жарыс болған­дықтан, аталған додада ел намысын рейтингте жоғары ұпай жинап жүрген дзюдошылар қорғайды.

Балуандар Тель-Авивте белдеседі

Атап айтар болсақ, Тель-Авив татамиінде 60 килода Ғұсман Қырғызбаев пен Мағжан Шамшадин, 66 кило салмақ дәрежесіне Елдос Жұмақанов пен Данияр Шамшаев сынға түседі. Ал 73 килода Жансай Смағұлов белдессе, Дидар Хамза мен Мәди Амангелді 81 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде бақтарын сынайды. Ислам Бозбаев, әдеттегідей, 90 килода күреседі. Айбек Серікбаев 100 килода, ал Ерасыл Қажыбаев пен Әділ Оразбаев аса ауыр салмақта, яғни 100 килодан жоғары салмақта өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо феде­рациясының (IJF) ережесіне сәйкес Grand Slam турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.