24 Желтоқсан, 2013

Жаңа шекара бекеті

436 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекара шебінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасы Қордай шекара отрядында «Сор­­­­­­төбе» шекара бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жамбыл облысындағы Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекара шебінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасы Қордай шекара отрядында «Сор­­­­­­төбе» шекара бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жайластыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінде биылғы жылы 20 бөлімше іске қосылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев «Сортөбе» бекетін аша отырып, бөлімше бастығына рәміздік кілтті тапсырды. Сонымен бірге, ол мемлекеттік шекараны жайластыру ауқымды мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда кезекті қадам жасалғандығын, тек 2013 жылы жаңа талаптарға сай 20 шекара бекетінің іске қосылғандығын атап өтті.

– Еліміздің іргесін бекемдеу мақсатында салынған бұл «Сортөбе» шекара бекеті заман талабына сай соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. Радиолокациялық, бейнебақы­­­лау аппараттары, бір өзі бірнеше функцияны атқаратын қон­дырғылар, ауа райы мен табиғи жағдайдың барлық өзгері­­­сіне ыңғайландырылған мобильді техника және қозғалыс құрал­­дарының қажетті түрлерімен қамтамасыз етіліп отыр. Мем­ле­кетіміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау үшін ел шекарасын бекемдеу керек. Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ерекше мән беріп, барынша көңіл бөлуде, – деді Нұртай Әбіқайұлы.

Комитет басшысының қолынан бекет шекарашылары жаңа пәтерлердің кілттерін алды. Парламент Сенатының депутаттары, Жамбыл облысының әкімі және басқа да шақырылған қонақтар шекара қалашығының инфрақұрылымымен, сондай-ақ, автокөлік және шекаралық қызметке қолданылатын арнайы техникалармен танысты.

Оларға кезекші бөлімінен бас­тап офицерлер тұратын үйлер­ге дейін көрсетіліп, шекара сақшылары биылғы жылы алын­ған автомобильдер мен арнау­лы техникалардың қалай жұмыс істейтіндігін іс жүзінде көрсетті.

«Сортөбе» шекара бекетінде тиісті аймақты алыстан бақылау корпусы мен спорт залы, тікұшақ қонатын алаң, қызметкерлердің демалатын орны және шекаралық қызметтің аттары мен иттерін бағатын шағын қора-жайы да бар.

Толықтай жабдықталған мұндай бекеттер елдің эконо­­­ми­калық ахуалын да танытады. Сонымен қатар, былтыр ғана қабыл­­даған Шекара туралы Заң да мемлекеттің тұтастығы мен ел тыныштығын сақтау міндетіне қызмет етеді. Айта кету керек, соңғы 2-3 жылдың көлемінде Жамбыл облысында 12 шекара бекеті пайдалануға беріліп отыр. Бір ғана Қордай ауданының өзінде 5 бекет салынуда. Шекара қызметі үшін бой көтерген бекеттер мемлекет территориясының тұтастығын сақтаумен қатар, сол өңірдегі кішігірім ауылдар мен елді мекендердің жағдайына да жағымды әсер етуде. Жаңа мектеп, балабақша мен емхана салынып, тақтайдай тас жол түсуде. «Сортөбе» шекара бекетін «Промхиммонтаж» АҚ 11 айда соғып, белгіленген мерзімде тапсырып отыр.

Депутаттар Қазақстан шекара­шыларының халық пен елдің мүддесіне риясыз қызмет ете­тіндігіне, әскери антқа және қызметтік парызға адал болатын­дығына сенім білдірді.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар