Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласында оқып жатқан шығысқазақстандық студенттермен және спортшылармен жүздесті.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласында оқып жатқан шығысқазақстандық студенттермен және спортшылармен жүздесті.
Кездесуді Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов қысқаша сөз сөйлеп ашты. Одан соң Бердібек Мәшбекұлы жиналғандарға облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы баяндады. Облыс әкімі еліміздің түкпір-түкпірінде білім алып жатқан жастарды жұмыспен қамтудың басты назарда екенін айтты. Осы мақсатпен «Түлек» акциясы қолға алыныпты.
Кездесу барысында облыс басшысына бірқатар тілектер де айтылды. Жазушы Т.Әбдірайымов Шығыстың тумасы Зәки Ахметовтың шығармаларын баспадан шығару ісін қолға алу қажеттігін айтса, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының
доценті М.Жақып Семей қаласының төріне Дулат Бабатайұлының ескерткішін орнатуды ұсынды.
Б.Сапарбаев бұл кездесудің еліміздің әртүрлі аумағында білім алып жатқан шығысқазақстандық студенттердің хал-жағдайымен танысу, оларды туған өлкелерінде еңбек етуге шақыру мақсатында ұйымдастырылғанын еске салды. Бұған дейін де ол Астана қаласындағы Назарбаев университетінің, Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерімен кездесулер өткізіпті. Бердібек Мәшбекұлы Астана қаласында оқитын 30 үздік студентке сыйақы табыстады. Ал Еуразия ұлттық университетіне әкімдік атынан шағын автобус сыйлады.
Камшат ЖҰБАТХАНОВА,
Еуразия ұлттық университетінің студенті.