Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

СҚО тұрғыны алаяқтарға алданып, 180 мың теңгесінен айырылды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО Мамлют ауданының тұрғыны ПБ шағым жасап, өзінің интернет алаяқтарға алданып, 180 мың теңгесінен айырылып қалғанын айтқан. Аудан тұрғыны интернеттен «Mazda» автокөлігінің қозғалтқышы мен беріліс қорабы сатылатыны туралы хабарландыру оқып, оған хабарласқан.

СҚО тұрғыны алаяқтарға алданып, 180 мың теңгесінен айырылды

«Сатушының» қосалқы бөлшектер бес күнде жетеді деген сөзіне сеніп, алдын ала төлем жасаған. Осыдан кейін қаскөймен арадағы байланыс үзіліп, қоңырауға жауап берілмеген.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы - «алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауданның ПБ қызметкерлері бұл іске Алматы қаласының 30 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады. Ол жедел уәкілдердің оңтүстік астанаға қызметтік іссапары барысында ұсталды.

«Полиция БАҚ пен әлеуметтік желілердің парақшаларында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде және адамдарға интернет-алаяқтардың негізгі схемаларын айтып отырамыз, — дейді Мамлют ауданының ПБ бастығы, полиция подполковнигі Серік Әлжанов.