Экология • 10 Ақпан, 2021

Алматы қаласында жер сілкінді

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 10 ақпанда Алматы уақытымен 04:40-та жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚаАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қаласында жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 330 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. 

Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.8. 

MPV магнитудасы – 4.4. 

Эпицентрдің координаттары – 44.32° с. е. 80.71° ш. б. 

Тереңдігі – 20 шақырым. 

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ. 

Еске сала кетейік, кеше Алматы қаласынан 50 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.