24 Желтоқсан, 2013

«Дода» ұлттық құндылықты дәріптейді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда елордада қазақстандық «Дода» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының тапсырысымен,  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен түсірілген.

«Шапағат Сервис» компаниясы түсірген фильмнің бас режиссері  – Елдар Қапаров, бас продюсері – Артықбек Болғанбаев. Басты рөлдерде Нышанбек Жұбанаев, Еркебұлан Дайыров және Айгерім Құламбаевалар ойнаған.

«Ұлттық ойын көкпар мен отба­сы құндылықтарын дәріп­теу фильмнің негізгі идеясы етіп алынған. Біз құқық қор­ғау органдарының нақты түсірілім­дерін пайдалана отырып детективті сюжет жасауды шештік. Сондай-ақ, жолдағы ірі қылмыстар, үлкен жүк көліктерін тонаудың қойы­лымдық түсірілімдері жүргізілді. Кинотуындыда махаббат та, спорт та, шынайы достық та бей­неленеді. Режиссер ретінде мен үшін техникалық жұмыстар қызғылықты болды, өйткені, жұмыстың  90 пайызы ашық аспан астында жүргізілді», – деді режиссер Елдар Қапаров.

Қазақстандық көрермендер «Дода» картинасын жаңа жылдың басында көре алады. Фильмнің премьерасы  2014 жылғы қаңтардың соңына белгіленген.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар