Қоғам • 10 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда 170-тен астам көше жөнделді

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы елордада 173 көше жөнделіп, асфальт төселді. Бұл туралы бүгін қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда 170-тен астам көше жөнделді

Қала әкімінің айтуынша, асфальт төселуі және жөнделуі тиіс жолдар бірнеше санат бойынша таңдалды. Атап айтқанда, бұрын асфальт болмаған жолдар; жаңа автобус бағдарлары іске қосылатын көшелер; көлік көп жүретін жолдар мен әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар іріктеп алынды.

«Жалпы алғанда, 173 көшеге асфальт төседік, олардың 100-ден астамы тұрғын алаптарында орналасқан. Бұл жұмыстарды биыл да жалғастырамыз. Тұрғын алаптары мен қаланың ескі бөлігіне басымдық беріледі», деді Алтай Көлгінов.

Оның атап өтуінше, жол жұмыстарын жүргізуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы біршама көмектесті. Ол бойынша 15 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бірінші кезекте қалалықтар Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, бұрын жарығы жоқ көшелерге жарық қосылды. Бұған қоса, ескі шамдар заманауи энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға алмастырылды.