24 Желтоқсан, 2013

Ақпараттар ағыны

232 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

*Алдағы жылы «Даму» қоры қолдай­тын жобалар саны артады. Қордың бас­қар­ма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, биылғы жылы бағдарлама аясында субсидиялаумен 3 300 компания қамтылған.

*Астанада биылғы 11 айда 20 699 бала дүниеге келді. Айта кетейік, елордада туу көрсеткіші жыл сайын орта есеппен 1,1 пайызға артып келеді, ал 2013 жылғы желтоқсан айында бұл көрсеткіш 1 мың адамға шаққанда 27,67-ні құрады.

*Алдағы жылы «Даму» қоры қолдай­тын жобалар саны артады. Қордың бас­қар­ма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, биылғы жылы бағдарлама аясында субсидиялаумен 3 300 компания қамтылған.

*Астанада биылғы 11 айда 20 699 бала дүниеге келді. Айта кетейік, елордада туу көрсеткіші жыл сайын орта есеппен 1,1 пайызға артып келеді, ал 2013 жылғы желтоқсан айында бұл көрсеткіш 1 мың адамға шаққанда 27,67-ні құрады.

*Екібастұз жылу-электр стансасы өзінің 20 жылдығын тойлады. Ол 1993 жылғы 22 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен іске қосылып еді.  Оны салып, осында қалған  құрылысшылар бүгінде белгілі мамандар атанып отыр.

*Бүгіннен бастап «Алматы–Тал­ды­қорған» жолаушылар пойызы қаты­найды.  Пойыз Алматыдан жұп күндері, Тал­дықорғаннан тақ күндері шығады. Жолда жүру уақыты 8 сағат 55 минөтті құрайды.

*Өскеменде гигиеналық қағаздар шығару өндірісі іске қосылады. Жаңа өнеркәсіпте күніне 20 мың орама қағаз шы­ғарылады. Оны кәсіпкер Ерлан Жармұхаметов мемлекеттен қайтарымсыз  3 млн. теңге алу арқылы жүзеге асырды.

*Степногор қаласында «Жастар ойы» медиа орталығы ашылды. Оны «Таңшолпан» жастар-жасөспірімдер орталығы белсенділері дүниеге келтірді. Орталық 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Ұйымда  балалар  көркем-эстетикалық және әлеуметтік-педагогикалық бағыттарда жұмыс жасайды.

*Қарағанды облысында әскери қыз­метшілер жолда қалған 120 адамды құт­қарды. Осындағы №36352 әскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты.

*Алтынның құны соңғы төрт жылда ең төменгі деңгейге жетті. Goldman Sachs сарапшыларының пікірінше, сары металдың бағасы келесі жыл бойы төмендеп, 2015 жылдың бас кезіне қарай (тройск унциясы – 31,1 г.) 1050 долларға дейінгі деңгейге жетеді.  Жыл басынан бері алтын 29 пайызға төмендеген. Алтын өндіруші компаниялардың баға кесімі биылғы жылы 23 млрд. долларға, биржалық үлеспұлдық қоры осы уақытта 73 млрд.-қа төмендеген.

*Қазақстан-Қытай шекарасында ресми түрде «жасыл дәліз» іске қосылды. Еске сала кетейік, екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін кедендік бақылаудан тез өткізу бойынша «жасыл дәліз» құру жөнінде келісімге ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің қыркүйек айында Қазақстан Республикасына жасаған сапары барысында қол жеткен болатын.

«ҚазАқпарат», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды. 

Соңғы жаңалықтар