24 Желтоқсан, 2013

Тапсырмалар жүзеге асырыла бастады

292 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен сенбіде Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанындағы Индустрияландыру күнін өткізу барысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді. Кеңеске орталық атқару органдары мен ұлттық компаниялардың басшылары, салалық ассоциациялардың жетекшілері қатысты.

Өткен сенбіде Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанындағы Индустрияландыру күнін өткізу барысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді. Кеңеске орталық атқару органдары мен ұлттық компаниялардың басшылары, салалық ассоциациялардың жетекшілері қатысты.

Индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту мә­селелері бойынша  Премьер-Ми­­нистрдің орынбасары – Ин­дус­трия және жаңа технология­лар министрі Әсет Исекешев, Өңірлік даму вице-министрі Се­рік Жұманғарин, «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық эко­номикалық палатасының» бас­қарма төрағасы Абылай Мыр­зах­метов баяндамалар жасады.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелеріне қатысты Серік Ахметов ми­нистрліктер мен ведомство­лар қызметінің басым бағыт­та­рын атап көрсетті.

«2014 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін біз индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасын әзір­леп, оған мұнай-газ өнеркә­сібі, тау-кен, металлур­гия, агроөнеркәсіп секілді эконо­ми­каның базалық салаларын ке­шенді дамыту жоспарын ұш­тастыруымыз қажет», деген Премьер-Министр осыған байланысты еліміздің өнеркәсіптік дамуы жөніндегі комиссия құруды жеделдетуді тапсырды.

«Оның үстіне индустрия­лан­дырудың екінші бесжылдық бағдарламасын әзірлеу кезінде біздің өнеркәсіптік саясатымыздың икемді болуын, ол әлемдік ағымдардың өзге­ріс­теріне жедел бейімделуге қа­білетті болып шығуын ескеруіміз керек», деді Серік Ахметов.

Мұнымен қоса, Үкімет басшысы барлық мүдделі мем­ле­кет­тік органдарға шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған нормаларды анықтап, олардың күшін жою бағытында қолданыстағы заңдылықтарға тексеру жүргізуді тапсырды. Жекеменшік институтын одан әрі нығайту, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қызметтерінің перспективалық бағыттарын айқындау үшін қолдау көрсету мәселелеріне қатысты стратегиялық әдіс-тәсілдерді айқындайтындай ұсыныстарды әзірлеу қажеттігін де баса көрсетті.

«Бизнесті қолдаудың әдіс-тә­сілдері мен тетіктері жө­нін­дегі ақпараттарды әрбір кә­сіп­керге дейін жеткізуіміз қажет. Осы бағытта ісін жаңа бас­та­ған кәсіпкерлерге арналған жолбасшылық кеңес беру анық­та­малықтары халық арасында кеңінен насихатталатын болсын. Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын осы мәселелерде барынша тиімді етуіміз және пайдалануымыз керек», деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз және жоспардан тыс тек­серулерді тоқтату туралы бар­лық министрліктер мен ведом­стволарға тапсырмалар берді.

Кеңесті қорытындылай келе, Президенттің барлық тапсырмалары нақты және тура белгіленген мерзімінде орындалуы қажеттігін қатаң ескертті.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар