Келіссөздерге Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан делегациялары қатысты.
Кездесуді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.В. Лавров ашты. Кездесуде ресей делегациясының жетекшісі Петраков төрағалық етті.
Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесі туралы Келісім жобасын талқылау жалғасып, оның бірқатар ережелері келісілді.
Тараптар Каспий теңізі аймағындағы ынтымақтастыққа шолу жасап, Бесінші Каспий саммиті шешімдерін жүзеге асыруын қарастырды.
Делегациялар келіссөздердің нәтижелерін оң бағалады және Ресей Федерациясына кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.