24 Желтоқсан, 2013

Ұлттық мерекеге орай құттықтаулар

442 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуел­сіздік күніне байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың атына құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуел­сіздік күніне байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың атына құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік күнін атап өту­ге байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың атына шет мемлекеттер басшыларынан,­ халықаралық ұйымдар жетек­ші­лерінен, қазақстандық және шетелдік мемлекет әрі қоғам қайраткерлерінен, кә­сіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ұжымдарынан, сондай-ақ, еліміздің жекелеген азаматтарынан хаттар мен жеделхаттар көптеп келіп түсті.

Құттықтауларда Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қысқа тарихи кезең­де халықаралық аре­на­дан­ лайықты орнын алып, елде ауқымды саяси және әлеу­меттік-экономикалық ре­фор­малардың жүзеге асырылуы арқасында халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейі мен мемлекеттің өсіп-өркендеуі қам­тамасыз етілгені атап өтілген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун жол­даған хатта Ұйымның бей­бітшілік, даму және адам құқығы секілді ортақ мақсаттарды ілгерілету ісіндегі қызметіне Қазақстанның белсенді атсалысатыны атап өтілген.

Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің құттықтауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуындағы таңданарлықтай табысқа жеткені, сондай-ақ, елдің халықаралық беделінің арта түскені айтылған.

«Таяуда қол қойылған XXI ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық шарты негізінде біз екіжақты байланыстардың өзара тиімді бүкіл кешенін одан әрі белсенді түрде ұлғайта түсетінімізге сенімдімін», – делінген хатта.

Америка Құрама Штат­тарының Президенті Б.Обама өз құттықтауында екі ел серіктестігінің орнағанына ұзақ уақыт өте қоймаса да, ол халықтарымыз бен үкі­меттеріміз арасындағы ын­ты­мақтастықтың барлық саласын мейлінше қамтып, дамып келе жатқанына тоқталған.

«Өз тәуелсіздігін алған кезеңнен бергі 22 жылда Қазақстан мәдени, конфессиялық және этностық алуандылығынан қуат алуын жалғастырып келеді. Үкімет пен халық орасан әлеуетін танытатын нарықтық экономика құрды. Қазақстан халқы осы жетістіктерін орынды мақтаныш ете алады», – делінген хатта.

Өзінің жүрекжарды тілегін Түрік Респуб­ли­касының Пре­зиденті А.Гүл де жолдай отырып, Қазақстан мен Түр­кия арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып отыр­ға­ны­на назар аударған. Сондай-ақ, ол стратегиялық серіктестік деңгейіне қол жеткізген көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жөніндегі жұмыстардың жалғасын табатынына сенім білдірген.

Өз кезегінде Түрік Республикасының Премьер-министрі Р.Ердоған жолдаған құттықтауында Қазақстан белсенді сыртқы саяси қызметі арқылы бүгінде халықаралық қоғамдастықтың құрметті мүшесіне айналып отырғанын атап көрсеткен.

Өз құттықтауында Үндістан Республи­касының Президенті П.Мукерджи мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастар аясының кеңейе түскенін жеткізген.

«Сіздің дана басшылығыңызбен Қазақстан прогреске тез жетті, ал Үндістан Сіздің еліңіз­дің табыстарына қуанады», – делінген хатта.

Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе жолдаған құттықтау хатта өткен жылдар ішінде Қазақстан мен Кореяның өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы айтарлықтай артқаны атап өтілген.

«Мен екі ел халықтарының өзара мүддесі негізінде түрлі салалардағы біздің достығымыз бен ізгі қарым-қатынастарымыз болашақта одан әрі нығая береді деп үміттенемін», – делінген құттықтау хатта.

Монако Князі Альбер II мерекеге байланыс­ты шы­найы тілегін жолдап, екі ел арасындағы өзара ықпал­дастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірген.

Швейцария Конфедерациясының Президенті У.Маурер мемлекеттеріміз арасындағы табысты дамып келе жатқан сенім мен достық қарым-қатынастары алдағы жылдары да өркендей түсетініне сенім артқан.

Өз құттықтауында Беларусь Республикасы­ның Президенті А.Лукашенко Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік сипат алып, жыл өткен сайын айтарлықтай мазмұнды және қарқынды бола түскеніне тоқталған.

Украина Президенті В.Янукович Мемлекет басшысының басшылығымен елді жүйелі жаңғырту жолындағы жоғары нәтижелерге одан әрі қол жеткізудің сенімді іргетасы болып саналатын экономикалық жаңарулар мен әлеуметтік-гуманитарлық жобалар қарқынды іске асырылып жатқанын атап өткен.

Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримов стратегиялық серіктестіктің берік қағидаттарына, көпғасырлық достық дәстүрлеріне, тату көршілестікке, өзара қолдау мен құрметке негізделген көпжоспарлы Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастары көршілес елдер мен халықтардың мүдделеріне сай алда да мүлтіксіз дами түсетініне және нығая беретініне сенімін білдірген.

Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев өзінің құттықтау жеделхатында екі мемлекет халықтарының игілігі жолындағы Қазақстан-Қыр­ғызстан стратегиялық серіктестігі одан әрі жан-жақты дамитынына және нығая беретініне сенім білдірген.

Түркіменстан Президенті Г.Бердімұхамедов жолдаған құттықтауда Қазақстанның тәуел­сіздік жылдары саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда қол жеткізген табыстары, сондай-ақ, екі ел арасында қалыптасқан жан-жақты қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екені атап өтілген.

Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон достықтың берік дәстүрлері мен өзара құрметке негізделген, ғасырлық тарихи тамыры бар Қазақстан-Тәжікстан өзара ықпалдастығының қарқынды дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өткен.

Ізгі тілекке толы хаттар Ресей Федерация­сы­нан – Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Ев­куровтан, Ресей Федерациясы Пенза облысының губернаторы В.Бочкаревтен келіп түсті.

Өз құттықтауларында АҚШ Конгресінің мүшелері М.Фицпатрик, Л.Ланс, Г.Мэнг және М.Мидоус Қазақстанның беделі артып келе жатқанын, оның Орталық Азия мен Ауғанстанда тұрақтылық пен бейбітшілікті ілгерілетудегі маңызды рөлін, сондай-ақ, терроризммен халықаралық күреске тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырғанын атап өткен.

Бұған қоса, Эскишехир қаласының мэрі А.Тун Қазақстан мен Түркия арасындағы ынты­мақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қала түрік әлемі мәдениеті астаналары мәртебесін Астанадан қабылдағанына қанағаттанушылық білдірген.

Халықаралық ұйымдардың жетекшілері де Мемлекет басшысының атына ең ізгі ниетті тілектерін жолдап, жемісті ынтымақтастықты жалғастыру туралы өздерінің ниеттерін білдірген.

ЕурАзЭҚ бас хатшысы Т.Мансұровтың құттықтауында Мемлекет басшысының еуразиялық интеграция авторы және идеялық жетекшісі ретіндегі халықаралық беделі интеграциялық үдерістердің табысты болуын айқындап бергені атап өтілген.

Сонымен қатар, өз құттықтауларын ТҮРКСОЙ бас хатшысы Д.Қасейінов пен ТМД Парламентаралық кеңесінің бас хатшысы А.Сергеев, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрайымы Т.Анодина, Еуропа геронтология және гериатрия қауымдастығының президенті В.Хавинсон,  «МИР» МТРК төрағасы Р.Батыршин жолдаған.

 Тәуелсіздік күніне орай құттықтауларды шетелдік және қазақстандық іскер топтар өкілдері жолдады.

Олардың қатарында «РуссНефть» МК» ААҚ президенті М.Гуцериев, «Роснано» ААҚ басқарма төрағасы А.Чубайс, «Шеврон» корпорациясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры С.Дэвис, «Транснефть» АК» ААҚ вице-президенті В.Рушайло, бизнесмендер Б.Паколли мен А.Паколли, «Алматықұрылыс» ҰХК» АҚ президенті А.Ермегияев, «ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Ж.Жанықұлов, Оңтүстік Қазақстан облысынан «Саутс-Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжанов, Шығыс Қазақстан облысынан «Normal Work» ЖШС директоры А.Бәкімбаев бар.

«Қазмырыш» ЖШС компаниясына қарасты мың­даған мүшесі бар ұжымдардың атынан жол­даған өз хатында компанияның басқарма төр­ағасы Н.Попович Мемлекет басшысының адам капиталы мәселесіне көңіл қоятынына тоқталған.

Мемлекет басшысын барша азаматтар үшін ең басты мерекемен еліміздің ғылыми интеллигенциясы құттықтады.

Олардың арасында Қазақстан Ұлттық ғы­лым академиясының президенті М.Жұ­рынов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Молекулярлық биология институтының бас директоры Н.Айтхожина, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры А.Ғазалиев бар.

РҒА академигі В.Садовничий Нұрсұлтан Назар­баевқа М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Еуразиялық университеттер қауымдастығының мыңдаған мүшесі бар ұжымдары атынан құттықтау хат жолдаған.

«Сіздің халықаралық ынтымақтастықты нығайту және еуразиялық интеграция идеясын ұстану жөніндегі белсенді ұстанымыңыздың арқа­сында Еуразиялық экономикалық одақ­ты қалыптастыру, еуразиялық білім беру кеңістігін нығайту және дамыту жөніндегі прогрессивті іс-әрекеттеріңіз жүзеге асуда», – делінген құттықтау хатта. Мұндай мазмұндағы құттықтаулар осы университеттің Қазақстандағы филиалының профессорлық оқытушылар құрамынан да келді.

Өз кезегінде директоры Б.Сұлтанов бастаған Қазақ­станның Стратегиялық зерттеу­лер институтының қыз­меткерлері Тәуелсіздік мерекесі Мемлекет басшы­сы­ның есімімен тығыз байланысты екенін атап өткен.

Сондай-ақ, өздерінің шын жүректен шыққан құттықтауларын жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Досанов, Алматыдан ақын М.Айтхожина, Қазақстан Кәсіп­одақ­тары федерациясының төрағасы Ә.Құсайынов, Қазақстанның татар және башқұрт қауымдастығының президенті Г.Хайруллин, Ардагерлердің респуб­ликалық кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев жолдады.

Ауғанстан соғысының мүгедектері респуб­­лика­лық кеңесінің төрағасы, Кеңес Одағы­ның Батыры Н.Кремениш ұлттық мерекеге байланыс­ты ізгі ниетті құттықтау жолдап, Тәуелсіздікті еліміздің өз тағдырын өзі анық­тау­ға мүмкіндік беретін іргелі құндылық деп атаған.

«Бұл мереке шын мәнінде бостандық пен біздің мемлекетіміздің күш-қуатының символы болып табылады. Қазақстанның ұлы тарихындағы Тәуелсіздікті хал­қымыз жаңа жетістіктерімен және табысты жа­ңару­ларымен тамаша жалғастырды», – делінген хатта.

Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний өздерінің құттықтауларында еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне қатысты ізгі тілектерін білдірген.

Велоспорттан Олимпиада чемпионы А.Винокуров Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді жаңа жеңістер мен биіктерге сенімді бастап келе жатқанын, соның арқасында оның имиджі мен күмәнсіз беделі бүкіл әлем алдында нығая түскенін атап өткен.

Ал Мемлекет басшысына деген игі тілектерін Астана тұрғындары Г.Шишов, Б.Омаров, Е.Мақтаев, Маңғыстау облысынан Т.Тұрова өлеңмен жолдаған.

Құттықтау хаттары мен ізі ниетті тілектерін жолдаған азаматтар қатарында Астанадан Ә.Қарбай­ұлы, Алматы облысынан О.Бәрібеков, Алмалыбақ ауылындағы дарынды балаларға арналған мектептің 4-сынып оқушысы Е.Ғаниұлы, Жетіген ауылындағы №11 мектептің 2-сынып оқушысы Е.Тілеубекқызы, Ақмола облысынан Б.Ормантаев, Шымкент қаласынан О.Көмекбаев, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан Е.Оразалин, Қызылорда облысынан С.Шымырқұлов, сондай-ақ, А.Тұрғанбеков бар.

Сонымен бірге, құттықтаулар министрліктер мен ведомстволар жетекшілерінен, облыс­тар әкімдерінен, Парламент палаталарының төрағалары мен депутаттарынан, елшілерден, Қазақстан Республикасы ұлттық компаниялары мен мемлекеттік мекемелер басшыларынан келіп түсті.     

Өз атына келіп түскен барлық құттық­тауларды мұқият оқып шыққан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ізгі ниетке толы құттықтаулар мен тілектер үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар