«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жинақтарын пайдалану арқылы бірінші қарыз берілді. Алматының тұрғыны БЖЗҚ-дан түскен қаражатты алғашқы жарна ретінде пайдаланып, ипотекаға баспана алды.
«Еnpf-otbasy.kz порталында өтінім беруден бастап, кілтті алғанға дейінгі барлық жұмысқа 7 жұмыс күні кетті. Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерінен асатын қаржыны «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша несиені мерзімнен бұрын өтей алатынын және бастапқы жарна ретінде жұмсай алатынын еске саламыз», делінген хабарламада.
10 ақпандағы жағдай бойынша «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары аясында берілген кредиттердің сомасы 670 млрд теңгеден асты. 68 мың қазақстандық отбасы баспанаға ие болды.