«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., №1, 1-құжат; 2003 ж., №44, 469-құжат; 2007 ж., №18, 197-құжат; 2008 ж., №23, 212-құжат; 2009 ж., №32, 293-құжат; 2011 ж., №58, 822-құжат; 2012 ж., №68, 977-құжат; 2013 ж., №19, 316-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы
20 желтоқсан. №716