Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Түркістанда отандық құрылыс материалдарына басымдық беріледі

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, ондағы жұмыс барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев отандық, жергілікті құрылыс материалдарына басымдық беруді тапсырды. Құрылыстың сапасы қатаң бақылауда екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда отандық құрылыс материалдарына басымдық беріледі

Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі – «Керуен сарай» наурыз айының аяғында пайдалануға беріледі. Жиырма гектардан астам аумақта орналасқан көпфункционалды туристік кешенде кинотеатр, шығыс базары, амфитеатр, халықаралық деңгейдегі қонақүйлер, мейрамханалар, жасанды көл бар. Тұрғындардың игіліне қызмет көрсететін бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған кешен халықаралық талаптарға сай салынуда.

Облыс басшысы аралаған қонақүйлерде 100-ден астам бөлмелер, демалыс аймағы, фитнес орталықтары орналасқан. Құрылысқа 500-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Сондай-ақ Ө.Шөкеев Ясауи мұражайында болды. Үш қабатты нысанның құрылысы толық аяқталып, ішкі жұмыстарына білікті дизайнерлер тартылған. Туризмді түлетуге басымдық берілген Түркістанның рухани-мәдени орталығында, кесене маңында бой көтерген зәулім ғимараттың жалпы ауданы – 3 мың шаршы метр. Келешекте мұнда 100 адам жұмыспен қамтылмақ.