Оның ішінде «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан инвестор есебінен салынатын 12 білім ошағы бар. Биыл Шымкент қаласында мемлекет есебінен 13, инвесторлар арқылы 19 білім нысанының құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан инвестор есебінен салынатын 12 білім ошағы бар.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын аралап көрді. Шаһар басшысы алдымен «Құрсай» шағынауданындағы №49 жалпы орта мектептің 500 орындық қосымша құрылысының барысымен танысып, жауаптыларға құрылысты сапалы орындауды міндеттеді. Қала әкімі мектептің айналасын инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етуді тапсырды.
Инвестор есебінен жүргізіліп жатқан жобаның құны – 610,8 млн теңге. Жер телімінің жалпы ауданы 0,82 га.Мердігер «Бекназ и К» ЖШС-і құрылысты биыл 6 шілде Елорда күніне орай пайдалануға беруді жоспарлауда.