24 Желтоқсан, 2013

Ресейде жүктілік демалыс мерзімі ұзартылды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 12 - MemdumaРесей мемлекеттік думасының соңғы оқылымында жүкті әйелдердің демалыс мерзімін 3-тен 4,5 жылға дейін ұзарту жөніндегі заң жобасы қабылданды. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

Жаңа заң жобасының қабылдануы Ресейдің бала туу көрсеткішін көтеріп, көп балалы ата-аналардың әлеуметтік қорғалуы мен елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді деп күтілуде. Оны жүзеге асыру үшін 2014 жылы федералды бюджеттен қосымша 470 млн. 640 мың рубль қажет.

Ресей үкіметі бала қарау мерзімін көбейтуді қарастыратын заң жобасын мемлекеттік думаға қазан айының ортасында ұсынған болатын. Бұл заңды премьер-министр Дмитрий Медведев қолдады. «Үкімет бала қарауға белгіленген 4,5 жылды оның әкесінің немесе анасының еңбек өтіліне қосуды қарастыратын заң жобасын жасап шығарды. Бұрын бұл мерзім 3 жылды құрайтын», – деді ол.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Utro.ru

Фото: Gazeta.ru

Соңғы жаңалықтар