Ресейдің Калининград қаласы түбінде құны 1 млрд. рубль тұратын жақұт табылды. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.
Полиция қызметкерлері Калининград түбіндегі Янтарный аулынан заңсыз жолмен қазып алынған жақұт тастарын тапты.
Калининград полициясы компаниясының 250 млн. рубль көлемінде салық қарызын өтемек болған Виктор Богданның үстінен қылмыстық іс қозғады. Оның тас өндіру цехындағы қоймалардың бірін тексеру кезіне бір қабат цементтің астынан 227 қап жақұт табылды. Бағалы тастардың салмағы бес тоннадан асып түскен. Оларды тасып шығаруға екі күн жұмсалды. Мамандардың айтуы бойынша, тәркіленген жақұттардың жалпы құны 1 млрд. рубльден асады.
Полиция Виктор Богданның өзін қолға түсіре алмады. Қазіргі уақытта оған халықаралық іздеу жарияланған.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Utro.ru
Фото: Info-7.ru