25 Желтоқсан, 2013

Алматы метросы еуропалық марапатқа ие болды

274 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздегі ең жаңа, экологиялық тұрғыдан таза, ең қауіпсіз әрі көркем стансалары бар, қоғамдық көліктің түрі Алматы метросы болып тұр. Кеше алматылық метро ESQR-дың (Сапаны зерттеудің Еуропалық қауымдастығы) «Platinum» категориясындағы кубогы мен дипломына ие болды.

Еліміздегі ең жаңа, экологиялық тұрғыдан таза, ең қауіпсіз әрі көркем стансалары бар, қоғамдық көліктің түрі Алматы метросы болып тұр. Кеше алматылық метро ESQR-дың (Сапаны зерттеудің Еуропалық қауымдастығы) «Platinum» категориясындағы кубогы мен дипломына ие болды.

 

Осылайша кезекті рет еліміз­дегі ең жас метро дизайны жағы­нан әлемдегі ең әдемі, ең сапа­лы метрополитендердің қата­рына көтерілді. Бұған дейін де алматылық жерасты көлігі биылғы шілде мен желтоқсан айларында «Сапаны үздік пайдаланудың Еуропалық марапаты номинациясы бойынша екі рет жүлдегер атанған болатын.

Кеше осы айтулы оқиғаға орай, Алматы қаласының әкі­мі Ахметжан Есімов «Мет­ро­по­литен» ұжымын наградамен құттықтады. Қала басшысы халық­аралық деңгейдегі бұл марапат метрополитен ұжымын жаңа табыстарға бастауы тиіс деді. Әкім екі жыл ішінде жер­асты көлігінің қалалықтар көңі­лінен шыққандығын айтты.

«Ең бастысы – жолаушылар үшін жайлы, қолайлы, қауіпсіз. Күн сайын метроны 24 мыңнан астам адам пайдаланады. Екі жыл ішінде 13 миллион адам тасымалданды, шығындарды есептемегенде 1 миллиард теңге кіріс кірді. Бұл жақсы көрсеткіш, бірақ жолаушылар тасымалы өзге қоғамдық көлік арқылы да жүзеге асуда», – деді Ахметжан Есімов.

Алматы метросында 7 станса бар, 2014 жылы тағы да 2 стансаны іске қосу жоспарланған. ESQR жетекшілерінің мәлімдеуінше, халықаралық ұйымның арнау­лы журналының желтоқсан айындағы нөмірі Алматы метро­политеніне арналмақ. Еуропа төрінде жарық көретін басылымда метромыздың сәулеті салтанат құратын болады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар