Сұхбаттасушылар Ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын құру жөніндегі жұмыс барысын талқылады. Х.Қарзай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бастамасына өзінің толық қолдауын растады.
Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және саяси байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен саясаткер, Ауғанстанға гуманитарлық көмек түрінде тұрақты қолдау көрсеткені және ауған жастарын Қазақстанда оқыту үшін жағдай жасағаны үшін ерекше алғыс білдірді.