Қоғам • 11 Ақпан, 2021

«Қазпошта» қызметкерлеріне смартфон ұрлады деген айып тағылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық ер адам «Қазпошта» қызметкерлерін қымбат смартфон ұрлады деген айып тағып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазпошта» қызметкерлеріне смартфон ұрлады деген айып тағылды

Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны Илья АҚШ-тан әйеліне сыйлық тапсырыс береді. Бірақ «Қазпошта» бөлімшесіне сәлемдемені алуға келгенде, ішінде смартфон болмаған. Бандероль кесіліп, қайтадан скотчпен жапсырылғаны байқалды.

Ильяның айтуынша,сәлемдеменің салмағы Алматыға келгендегісінен өзгеше. Яғни Нұр-Сұлтанға келер бойда қорапша кесілген.

Ер адам полицияға шағымданды. Бірақ тәртіп сақшылары өтінішті қабылдамаған. Олар алдымен «Қазпошта» өз тергеуін жүргізсін деп отыр. Пошта бөлімшесінде жоғалу фактісі расталды, бірақ шағым сәлемдемені жіберушінің атынан жазылуы тиіс.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ