Әлем • 11 Ақпан, 2021

Еуропа жаңа штаммен күресіп жатыр

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропада коронавирустың жаңа штамы жылдам тарап жатыр. Аймақ елдері вакцинация компаниясының ауқымын кеңейтпек, деп хабарлайды Egemen.kz

Еуропа жаңа штаммен күресіп жатыр

Германия коронавирус жұқтырғандардың азайғанына қарамастан, жартылай локдаун мерзімін кемінде наурыздың басына дейін ұзартады.
Осыған байланысты канцлер Ангела Меркель мен 16 аймақтың басшысы 10 ақпанда кездесіп, коронавируспен күрес мәселесін және індеттің бизнеске ықпалын талқылайды.

Бірнеше зерттеудің нәтижесі вакцинаның кейбір түрі Оңтүстік Африкалық штаммен әлсіз күресетінін көрсеткен.

Аустрия канцлері Себастьян Курцтың айтуынша, Тироль қаласы Оңтүстік Африка штамының Еуропадағы ірі ошағына айналды. Бұл қаладан тұрғындар тесттің сынамалары теріс нәтижені көрсеткенде ғана аумақтан шыға алады.

Ал Испанияда коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты. Мемлекет жаңа штамм тарап жатқан Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Бразилиядан келгендерге шектеу қойды.

Грекия астанасында 11 ақпаннан бастап локдаун енгізіледі. Індет басталғалы бері мұнда үшінші рет қатаң карантин енгізілі жатыр. Бұған қоса,Афиныда екі апта бойы шектеу шаралары күшеймек.

Ал америкалық Johnson & Johnson фармацевтикалық компаниясының атқарушы директоры Алекс Горски коронавирус мутациясына байланысты адамзат алдағы уақытта жыл сайын вакцина салдыртуына тура келеді деп болжайды.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ