Спортшыларға мамандардың тереңдетілген тексерулері, зертханалық тексерулер басқа да пациенттермен жалпы кезекте жүргізіледі. Бұл өз кезегінде спортшыларға қолайсыздықтар туғызып және олардың дайындығы мен сауықтыру процесінің сапасына әсер етеді.
Осыған байланысты спортшылар елорда әкімі Алтай Көлгіновпен кездесуде жеке медициналық мекеме бөлуді сұрады. Ұсыныс қолдау тапты.
Аталған диспансер спортшыларға тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізіп, оңалту және денсаулықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ олардың жарақаттануы, емделуін және қалпына келуін ескере отырып, уақыты тексеруді, денсаулықтарын бақылауда ұстауды қамтамасыз ету үшін білікті спорт дәрігерлерін де тарту қолға алынады деп жоспарлануда.
Орталық спорттық дәрігерлермен қатар психологтар, массажистер және спортшылардың тамақтануын қадағалайтын арнайы мамандармен де қамтамасыз етіледі.