Қазақстан • 11 Ақпан, 2021

Мемлекеттік қызметшілер «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатыса алады

897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына енді  мемлекеттік қызметшілер де қатыса алады. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Нұржұма Ғұмарова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметшілер «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатыса алады

Айтуынша,ауылға жұмыс iстеу мақсатында келген денсаулық, бiлiм, әлеуметтiк, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қолдау көрсетіледі.

«Яғни, жоба аясында 291 700 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу қарастырылған. 15 жылға дейінгі мерзімге 0,01% сыйақы мөлшерлемесіндегі бюджеттік несие де қарастырылған. Сұранысқа ие мамандықтар тізімі қалыптастырылып, еgov.kz порталына  жарияланады»,-деді Нұржұма Ғұмарова.