Қазақстан • 11 Ақпан, 2021

МКК салықтарды пайызсыз төлеуге арналған қосымшаны іске қосты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұдан былай «E-salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. Бұл қосымша ел азаматтары арасында танымал бола бастаған. Мысалы, 2021 жылғы 5 ақпандағы жағдай бойынша мобильді қосымшаны пайдаланушылар саны 265 мыңнан асты.

МКК салықтарды пайызсыз төлеуге арналған қосымшаны іске қосты

Бұл туралы МКК Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтып өтті.
Сондай-ақ статистиканы да келтірді. Оған сәйкес 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 80% - дан астамды құрады, ал 2020 жылы салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейі 90% деңгейіне дейін өсті.
Ж.Іңкәрбаев шамамен 15 млн. төлем мобильдік қосымшалар және екінші деңгейдегі банктердің терминалдары, МКК «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы, egov.kz «Электрондық үкімет» порталы, МКК порталы, оның ішінде «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылағанын деп атап өтті.