Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде Жоғарғы соттың судьясы ұсталған.
«Қаражат оның Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген. Сондай-ақ Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы ұсталды. Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», делінген хабарламада.