Қазақстан • 11 Ақпан, 2021

Қазақстанның толық тарихын жазу үшін жобалық кеңсе ашылады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның толық академиялық тарихын жазу үшін «Халық тарихы» атты жобалық кеңсе ашылуы мүмкін.

Қазақстанның толық тарихын жазу үшін жобалық кеңсе ашылады

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізген болатын. Жиында талқыланған мәселелер бойынша белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Есетжан Қосубаев, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының меценаты Константин Поп, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинова сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2021 жылға арналған Жол картасын сапалы әрі тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Мемлекеттік хатшы Ұлттық комиссияның ұсыныстары мен ұсынымдарын қарастыруды тапсырды. Атап айтқанда, Қазақстанның толық академиялық тарихын жазу үшін «Халық тарихы» атты жобалық кеңсені ашу, «Кинодағы және теледидардағы тарих» атты арнайы жобаның тақырыптарын күшейту, «Киелі Қазақстан» арнайы жобасы аясында туризмді дамыту, отандық Сайлаушылар банкін қалыптастыру.

Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін сапалы мәдени-ағартушылық және білім контентін қалыптастыру қажеттілігіне назар аударылды.