Көрсеткіш бойынша көш басында АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания тұр. Күншығыс елінде өткен тәулікте 121 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл пандемия басталғаннан бері Жапониядағы өлімнің ең жоғары көрсеткіші десек те болады. Айта кетерлігі, қауіпті індет басталғалы елде локдаун болмаған.
Сонымен қатар Германия үкіметі карантиндік шараларды 7 наурызға дейін ұзартты. Билік жаңа штаммдарға қатысты пікір білдірді. Биліктің мәліметінше, мутация – орнын басып, бұған дейінгі вирус жойылады. Дегенмен Германиядағы шаштараздар 1 наурыздан бастап ашылады. Мейрамханаларда тамақтануға рұқсат етілген. Бірақ мектептерді ашу туралы шешім жергілікті биліктің еншісінде.
Ал Грекия басшысы Кириакос Мицотакис ел астанасында қатаң карантин жариялады. Барлық оқу ордасы қашықтан оқу форматына көшіп, азық-түлік сататын дүкендерден басқасының барлығы жабылған. Биліктің мұндай шешім қабылдауына өңірде вирустың мутацияланған түрінің жылдам таралуы себеп болды.