Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Жезқазған қаласы теміржол вокзалының перронында 45 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру барысында ұсталған адамның сөмкесінен ерекше иісі бар, қою жасыл түсті өсімдікке толтырылған, көлемі 5 литрлік пластмасса бөтелке тәркіленген.
«Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 2 кг 435 грамм аса ірі мөлшердегі марихуана екені анықталды. Аталған факті бойынша көлік полицейлері Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен, яғни, аса ірі мөлшердегі есiрткi тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастады», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 6 келіден астам түрлі есірткі тәркілеп, 52 есірткі қылмысын ашты.