Комиссияны премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов басқарады. Халықтың саны, жасы, гендерлік құрамы, урбанизация деңгейі, табыс көлемі басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде қарастырылмақ. Отырыста халық санағын 2021 жылдың 1 қыркүйегінде бастау туралы шешім қабылданған. Санақ онлайн форматта sanaq.gov.kz сайтында 2021 жылдың 15 қазанына дейін жүргізіледі. Азаматтар тұрғылықты мекен-жайына қарамастан онлайн санаққа қатысып, өзі және отбасы мүшелері туралы деректерді толтыра алады. Алдағы уақытта sanaq.gov.kz сайты мен egov.kz электронды үкімет порталы бірлесе жұмыс істеуі мүмкін.
Дәстүрлі санақ 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра өткеріледі. Онлайн санаққа қатыспаған азаматтар деректері бірден ортақ деректер базасына жіберіледі. Сондай-ақ санақшылар кампания кезінде планшет қолданады.