Қоғам • 12 Ақпан, 2021

Мал бағу ережесін сақтамаудың салдары

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО-ның «Тайынша-Келлеровка» автожолында 31 жасар петропавлдық «Lexus» автокөлігімен жылқыға соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мал бағу ережесін сақтамаудың салдары

Кешкі қараңғылық түскен сағат жеті шамасында Многоцветное ауылы маңында оның алдынан бір табын жылқы шыға келген. Оның бірнешеуі жолға шығып кеткен. Жүргізуші бірден әрекет етіп үлгермей, жылқылардың бірімен соқтығысып қалады. Адам да, жылқы да аман, бірақ автокөлікке механикалық зақым келтірілді. Қымбат машинаның ақауын жөндеудің өзі шамамен бір жылқының құнына тең. Сондықтан жүргізуші табын иесін анықтау мақсатымен полицияға хабарласқан.

Оқиға орнына жеткен учаскелік полиция инспекторы жылқы табынының иесі аудан орталығының 59 жасар тұрғыны екенін анықтады. Мал бағу ережесін бұзғаны үшін енді оған қатысты әкімшілік материал жиналады.