Қазақстан • 12 Ақпан, 2021

Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды

12 ақпан сағат 00:00-де Алматы облысында қолайсыз ауа райына (тұман, көктайғақ) байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2300-2380 шақырымындағы Қаншенгел Құрты ауылдарының арасындағы жол бөлігінде («СПИК Аккорд»АҚ қайта құру учаскесінде) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Сондай-ақ бүгін 00:30-да Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрделенуіне (жаңбыр, көктайғақ, тұман) байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 195-246 шақырымында Ресей шекарасы мен Орал қаласы аралығындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін жол жабылды.

Сонымен қатар бүгін сағат 00:30-да Алматы облысында қолайсыз ауа райына (жаңбыр, кей жерлерде көктайғақ, жолдың көрінбеуі) байланысты «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 25-320 шақырымында Арман - Алтынкөл жол бөлігінде («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автокөлік жолдары дирекциясына қарайтын участок) барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

12 ақпан сағат 06:30-да Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы шекарасы» автожолының 11-92 шақырымында Ақтөбе -Қандыағаш қалаларының аралығындағы жол бөлігі («СПИК Аккорд»АҚ қайта құру учаскесінде) барлық көлік түрі үшін жол жабылды.

Сондай-ақ 12 ақпан сағат 06:30-да Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 773-836 шақырымы, Белогорка - Хромтау арасындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

12 ақпан сағат 01:00-де Алматы облысында қолайсыз ауа райына (тұман, жолдың көрінбеуі) байланысты «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 24-243 шақырымында Арман – Шонжы арасындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін жол жабылды.