Коронавирус • 12 Ақпан, 2021

Еліміздің екі облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің екі облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

Комиссия мәліметіне сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта. 

Айта кетейік, Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.