Жас боксшылар Түркістан облысы əкімінің орынбасары Сəкен Қалқаманов пен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевпен кездесті. Басқосуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары спортшыларға қолдау көрсетіп, алдағы әлемдік додаларда жеңіс тұғырының биігінен көрінуіне тілектестік білдірді. Жарыстың "Үздік боксшысы" атанған жеңімпаз түркістандық Бахтияр Анарбаев республикалық сайысқа жоғары дайындықпен барғанын жеткізді. Ал ел чемпионатында 69 келіде жеңіс тұғырынан көрініп, бокс саласы мамандарының назарын ерекше өзіне аударған Гауһар Шəйбекова намысшылдық пен отансүйгіштік қасиеттердің жеңіске жетелейтінін жеткізді. Сонымен қатар мамандар чемпионатта облыс намысын қорғаған №5-ші олимпиадалық спорт мектебінің шəкірттерінің шеберлігін жоғары бағалады.